Байланыс

“ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ” СИМПОЗИУМЫ



«ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» СИМПОЗИУМЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың І Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде қазақ тілінің ғылым тілі ретінде әлем тілдерінің ішінде орын алу қажеттігін ескертіп, осы қажеттіліктің жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындары мен ғалымдардан бастап бүкіл мекемелерге тапсырма берді. Осыған сәйкес 2024 жылдың 1-2 наурыз күндері университетімізде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы үздік 150 оқытушысының қатысуымен «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында симпозиум ұйымдастырылады. 6 секциядан тұратын бұл симпозиумда Филология, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдарында, Жаратылыстану, Инженерия, Журналистика және Баспасөз салаларындағы қолданыстарына байланысты тақырыптар қозғалады.

 

Университетіміздің Түркістан қаласындағы бөлімінде өтетін «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбындағы симпозиумға сізді де шақырамыз. 

 

 

Серіктестер