Байланыс

“ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ” СИМПОЗИУМЫ



АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың І Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде қазақ тілінің ғылым тілі ретінде әлем тілдерінің ішінде орын алу қажеттігін ескертіп, осы қажеттіліктің жүзеге асуы үшін жоғары оқу орындары мен ғалымдардан бастап бүкіл мекемелерге тапсырма берді. Осыған сәйкес 2024 жылдың 1-2 наурыз күндері университетімізде Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және Қазақстан Республикасының 2023 жылғы үздік 150 оқытушысының қатысуымен «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбында симпозиум ұйымдастырылады. 6 секциядан тұратын бұл симпозиумда Филология, Әлеуметтік және Гуманитарлық ғылымдарында, Жаратылыстану, Инженерия, Журналистика және Баспасөз салаларындағы қолданыстарына байланысты тақырыптар қозғалады.

Университетіміздің Түркістан қаласындағы бөлімінде өтетін «Қазақ тілі – ғылым тілі» тақырыбындағы симпозиумға сізді де шақырамыз. 

Баяндамалар төмендегі тақырыптар аясында болуы тиіс:

  • Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық мазмұнын нығайту аспектілері,
  • Қазақ тілінің салалық линвистикасын дамытудың іргелі әдіснамалық негіздері,
  • Техникалық ғылымдардың ұлттық мазмұнын нығайтуда ұлттық кадрлардың біліктілік сапасын арттыру,
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ұлттық мазмұнын жаңартудың заманауи парадигмалары,
  • Қазақ тілінде ғылым журналистикасын іске асырудың мүмкіндіктері мен бөгеттері,
  • Қазақ тілін оқыту: нәтижелі-өнімді инновациялық технологиялар.

Симпозиум қазақ тілінде жүргізіледі.

Симпозиумға қатысу тегін!

Координатор: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы - PhD, Исабеков Жанібек Назарбекұлы (+7 702 809 7666)

Секция хатшылары

  • Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық мазмұнын нығайту аспектілері – PhD, Ахметов Нұрлан Абдурахманұлы (+77054859682)
  • Қазақ тілінің салалық линвистикасын дамытудың іргелі әдіснамалық негіздері -  PhD, доцент Гүлімжан Жылқыбай (+7 775 632 3115)
  • Техникалық ғылымдардың ұлттық мазмұнын нығайтуда ұлттық кадрлардың біліктілік сапасын арттыру – PhD, Агабекова Актолкын Бекарысовна (+77011788874)
  • Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың ұлттық мазмұнын жаңартудың заманауи парадигмалары - PhD, доцент Сиздиков Багдаулет Сапарбайұлы (+77026885957)
  • Қазақ тілінде ғылым журналистикасын іске асырудың мүмкіндіктері мен бөгеттері – ф.ғ.к.Баешова Балзия Шегетайқызы (+7 747 320 0817)
  • Қазақ тілін оқыту: нәтижелі-өнімді инновациялық технологиялар – PhD, Ерлан Алашбаев (+7 771 348 3879)