III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
(9).png)
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде 2026 жылғы 28–29 қыркүйек күндері «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтеді.
Цифрлық трансформация қазіргі таңда ғылым, білім және технологияның даму бағытын айқындайтын негізгі үдерістердің біріне айналды. Жасанды интеллект, машиналық оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық платформалардың қарқынды дамуы ғылыми ақпаратты өндіру, тарату және қолданудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырып, ұлттық тілдердің ғылыми және цифрлық кеңістіктегі рөліне жаңа талаптар қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Еуразия кеңістігінің жетекші цифрлық орталығы ретінде бұл маңызды миссияны болашақта да жалғастырады» деген ұстанымы аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бастамасымен және серіктес ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылатын симпозиумда цифрландыру жағдайындағы қазақ тілінің ғылым, білім және технология салаларындағы орны, даму мүмкіндіктері мен болашақ перспективалары жан-жақты қарастырылады.
Серіктестер
 
