III. Халықаралық Симпозиум Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация
(1).png)
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Еуразия кеңістігінің жетекші цифрлық орталығы ретінде бұл маңызды миссияны болашақта да жалғастырады» деген ұстанымы еліміздің ғылым, білім және технология салаларындағы цифрлық трансформацияның маңызын айқындайды. Қазіргі цифрландыру дәуірінде қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі әлеуетін арттыру, оның заманауи технологиялар мен жасанды интеллект кеңістігіндегі қолданысын кеңейту – өзекті міндеттердің бірі.
Осы бағытта 2026 жылғы 28–29 қыркүйек күндері Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум ұйымдастырылады.
Симпозиум аясында қазақ тілінің цифрлық трансформациясы мен ғылыми коммуникациясы, жасанды интеллект және тілдік технологиялар, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдардағы цифрландыру, ғылыми терминология мен қазақтілді ғылыми контент, халықаралық қатынастар және ғылым дипломатиясы, цифрлық өнер мен мәдени мұра, түркология, әдебиеттану, абайтану және құқықтық дискурс мәселелері қарастырылады.
Университетіміздің Түркістан қаласындағы кампусында өтетін «Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиумға Сізді қатысуға шақырамыз.
Серіктестер
 
